Өртке қарсы дабыл жүйесі қалай орнатылады?
Өндіріс орындарында жұмысшыларға жатын орын ретінде берілетін вагондарға өрт дабылын орнатуға бола ма?
Алмас, Алматы облысы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, «Ғимараттарды, бөлмелерді және құрылыстарды өртке қарсы автоматты дабыл жүйесімен, автоматты өрт сөндіру құрылғысымен жабдықтау және адамдарды өрт туралы құлақтандыру нормалары» ережесіне сәйкес, өртке қарсы автоматты дабыл жүйесін тұрғын үйлер мен жеңіл металл құрастырмалардан тұратын, полимер жылытқышы бар жылжымалы типтегі жатақханаларға орнатуға болады. Орнатылатын өртке қарсы дабыл жүйесінің түрін жобалаушы ұйым таңдайды. Автоматты дабыл жүйесі ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген стандарттар бойынша өндіріс орнының технологиялық процесін, нысанның құрылыс ерекшелігін, басқа да жағдайларын ескере отырып орнатылуы тиіс.