«Өркен» гранты қанша оқушыға берілді?

Жақында еліміздегі мектеп оқушыларына «Өркен» гранты табыс етілетіндігі жөнінде естіп едім. Осы жөнінде нақтылап берсеңіздер?
Ермек Қалибекұлы,
Алматы облысы
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарат­қан ақпаратқа сүйенсек, жақында Елбасының «Өр­кен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның арнайы отырысы өтіп, қорытындысы жарияланған. Бұған дейін Көк­шетау, Талдықорған, Семей, Орал қалаларын­дағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Өскемен қала­сындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 7, 8, 9 сынып оқу­шылары іріктеуден өткен.
Конкурстық іріктеу 2012 жылғы 16 шілде мен 24 шілде аралығында өткізілді. Қабылдау комис­сиясының айтуынша, «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 827 оқушы құжат тапсырған. Конкурс нәтижесі бойынша 370 оқушы шектеулі балл жинаған.
Комиссия мүшелерінің қарауына шектеулі балл алған барлық үміткерлердің материалдары ұсынылды, сонымен қатар, Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу орыс және қазақ тілінде жүретін 7-сыныптардың резервтік тізіміндегі 45 үміткердің және Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу қазақ тілінде жүретін 7 сыныптың резервтік тізіміндегі 43 үміткердің құжаттары ұсынылды.
Сонымен республикалық комиссия шешімі­мен 345 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 114 оқушы резервтік тізімге енді. Бі­лімді жет­кіншектерге қолдау көрсететін бұл жоба алдағы уақытта да жалғасып отырмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста