Оралхан Бөкей шығармалары әлемнің қанша тіліне аударылған? Және олардың арасында киноға және пьесаға айналғандары бар ма?
Дәулет ҚАНАТБАЕВ, Астана қаласы
Есімі тек Қазақ еліне емес, әлемге әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің шығармалары дүниежүзінің орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Атап айтқанда, «След молнии», Молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғызстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982.
Ал енді экранизацияланған туындыларына тоқталсақ, қайталанбас қаламгер туындылары бойынша, «Кісікиік» (1985, режиссері М.Смағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режиссері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер Б.Аюханов) балеті қойылды. Сондай-ақ «Құлыным менің» (1974), «Текетірес» (1976), «Қар қызы» (1982), «Зымырайды пойыздар» (1984), «Мен сізден қорқамын» (1987) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.
Оралхан Бөкей туындыларын театр мен теледидардан көруге бола ма?
Последние статьи автора