Жұмысшы өнеркәсіп нысанында лифтінің бұзылуына жол берді. Бірақ бұдан адамдар зардап шеккен жоқ. Мұндай жағдайда өнеркәсіп нысанындағы қауіпсіздік ережесін өрескел бұзғаны үшін оған қандай шара қолданылады?
Ерлан РАХМЕТУЛЛИН, Жамбыл облысы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының хабарлауынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заң бойынша эскалаторлар, жеделсатылар, жүк көтеру механизмдері мен фуникулерлер қауіпті өндірістік нысандар саналады. ҚР « Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 221-бабына сәйкес, егер өнеркәсіп, кен игеру және құрылыс салаларында немесе төтенше жағдайлар саласының өкілетті органына қарасты нысандарда белгіленген қауіпсіздік ережелерін бұзған кезде адам денсаулығына нұқсан келмесе, әкімшілік жаза қолданылады. Жеке тұлғаларға – 10, лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта бизнес саналатын заңды тұлғаларға 10-25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал ірі кәсіпкерлік нысаны саналатын заңды тұлғаларға 60-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесін бұзғанға қандай шара қолданылады?
Последние статьи автора