Ноғай халқының атауы қалай пайда болған?
Ноғай ұлты қазақ халқымен аса жақындығымен ерекшеленеді. Осы ұлттың атауы неліктен «ноғай» деп аталды екен?
Әлия, Қарағанды қаласы
XIV ғасырда Алтын Орда ыдырап, оның орнына тарих сахнасына Ноғай Ордасы көтерілген болатын. Бұл орданың құрамына қазіргі Батыс Қазақстанның бір бөлігі қосылған-ды. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260—1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы – Әмір Едіге (1395—1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396—1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болды. Ноғай Ордасы Едігенің тұсында Алтын Ордадан бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426—1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы дербес мемлекет болды. Еділ-Жайық арасын жайлаған маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. түркі тайпалары қосылып, қазіргі ноғай халқы дүниеге келді.