Дүниеден өткен ардагер атамның құжаттарының арасында оның «Невский» орденінің иегері екені жазылған қағаз бар. Бұл қандай орден, не үшін беріледі?
Эльмира Ғұсманова, Ақтөбе қаласы
«Невский» ордені – А.Невскийдің құрметіне Ресейде ең алғаш 1725 жылы Екатерина І тағайындаған мемлекеттік награда. Ол ең құрметті үш орденнің бірі саналды. 1942 жылы шілденің 29-ынан бастап, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен орден екінші дүниежүзілік соғыста үлкен ерлік көрсеткен Қызыл Армия командирлеріне тағайындалатын болды. «Невский» ордені күмістен соғылады. Онда он бұрышты фигураға бекітілген лағыл түсті бесжұлдыз бейнеленген. Жұлдыздың ортасында Невскийдің суреті мен «Александр Невский» деген жазу бар. Орденнің қызыл жолақты көгілдір таспасы болады. Төсбелгі оң жақ омырауға орналастырылады. Егер иемденушіде ІІІ дәрежелі Богдан Хмельницкий ордені болса, онда «Невский» төсбелгісі одан кейін тағылады. Фашизммен болған соғыс кезінде бұл орден ең алғаш 154-ші теңіз атқыштар бригадасының батальон командирі И.Н.Рубанға берілген. КСРО-ның бұл жоғары наградасын иеленген қазақстандықтар көп. Олардың қатарында Леонид Скалковский, Қыдырпатша Боқажанов, Елубай Бексейітов, Қабдош Нұркин, Махмет Қайырбаев, Петр Теряев, Зәбит Ғұсманов, Сабыр Құрманалин сияқты майдангерлер бар.
«Невский» ордені не үшін беріледі?
Последние статьи автора