Несиенің қай төлем түрі тиімді?

Несие келісімшартында несие өтемінің үш түрі ұсынылады: аннуитеттік, дифференциалдық және тепе-тең үлес. Осының қай түрін таңдаған тиімді?
Гүлзира,
Семей қаласы
Тепе-тең үлес деп отырғаныңыз аннуитеттік несие төлемі болып табылады. Несиелендірудің бастапқы кезеңінде бұл төлем түрі жаппай қол­данылды. Мұндай жағдайда ай сайын тек бір соманы төлеп отырасыз. Оның бірінші кем­ші­лігі, сыйақы пайызы бойынша жасаған тө­лем сомасы дифференциалдыққа қарағанда әлдеқайда артық болып шығады. Мысалы, 10 жылға белгіленген несие ставкасы 12 па­йыз­дық аннуиттетік төлем осы кезеңге белгіленген несие ставкасы 14 пайыздық дифферен­циал­дық төлемнің сомасына сайма-сай келуі мүм­кін. Екіншіден, дифференциалдық төлемнің басты кемшілігін аннуитет те қайталайды: тепе-тең үлес деген бұл арада бос сөз, мұнда да алғашқы жылдар мен айларда несиенің нақты сомасын емес, пайыздық мөлшерлемесін жабасыз. Ал дифференциалдықта негізгі қа­рыз сомасы тең бөлікке бөлініп, ай сайын әлгі бөлік пен қосымша пайыз мөлшерлемесі қатар төленеді. Бұл арадағы қиындық – бастапқы соманың жоғары белгіленуі. Салыс­тырмалы түрде алғанда дифференциалдық төлемді таң­даған әлдеқайда тиімді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста