Менің жасым – 25-те. Жақын арада болашақ жарыммен некемді қиюды жоспарлап жүрмін. Бірақ қыздың жасы 15-те, кәмелетке толмаған. Білгім келетіні, егер екі тараптан да дәлелді себептер болса, некеге тұруымызға бола ма?
Жарас Оразбаев, Алматы қаласы
Сіздің сауалыңызға ҚР Әділет министрлігінің мамандары төмендегідей жауап беріп отыр: неке қию үшін міндетті түрде мына екі талап орындалуы керек – некеге тұрушылардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі. Өз еркімен некеге тұру мәселесі маңызды болып табылады, себебі осы негізде некені заңды күші жоқ деп тануға болады. Неке жасына келетін болсақ, ол біздің елде әйелдер мен ерлер үшін де бірдей және 18 жасты құрайды. Ал дәлелді себептің бар болуы кезінде неке жасы 16 жасқа дейін, ерекше жағдайларда одан да төмендетілуі мүмкін. Неке жасын белгілеуде физикалық және психологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Сонымен бірге, «Неке және отбасы туралы» заң некеге тұру үшін жастың барынша жоғары шегін анықтамайды. Жұбайлардың өзі неке жасын төмендете алады. Айталық, болашақ әйел жүкті болғанда немесе сәбилі болғанда.
Неке жасы төмендетіле ме?
Последние статьи автора