Не пайдасы бар екен қызылшаның?

Қою қызыл көкөністер тағамдарыңыздың сәнін келтіріп қана қоймай, пайдалылығын арттыра түседі. Себебі қызылша – өте пайдалы көкөніс.
Қызылшаны сүйіп жейтін адамның жалпы портретіне назар салайық.
Ол ақылды. Себебі қызылшада йод көп. Ал онсыз есте сақтау қабілетінің жақсы, ой-өрісі мен зейіннің жоғары болуы мүмкін емес.

Беті алқызыл. Себебі қызылша темірдің сіңуіне әсер етеді. Сондықтан қызылшаны ұнататын жандардың бет-әлпетінің бозарғанын байқамайсыз.

Ол төзімді. Қызылша адамның физикалық төзімділігін арттырады екен. Ғалымдар қызылша шырынының қан тамырларды кеңейтіп, қан тарауын күшейтетінін дәлелдеген. Демек бұлшықеттерге ауа түсуін арттырады. Мамандар тәжірибе жүргізіп, жаттығу алдында 70 мл қызылша шырынын ішу денеге түсер салмаққа төзімділікті 16%-ға ұлғайтатынын анықтаған.

Оның шашы қалың. Қызылшаны сүйіп жейтін адамдардың шашы жылдам өсіп, қалыңдап, жылтырай түседі. Оған қызылша қабығының астында көп мөлшерде кездесетін В дәрумені ықпал етеді.

Ол бұлшықетті. Қызылшада бұлшықет массасын арттыруға көмектесетін магний мөлшері көп.

Ол сымбатты. Қызылша құрамында азат алмасуын жылдамдатып, артық сұйықтықты шығарып, артық салмақтан арылуға себін тигізетін ерекше заттар кездеседі.

Қызылша қандай ауруларды жазуға көмектеседі?

Қан қысымы. Зәр айдайтын әсеріне байланысты қызылша шырыны өан қысымын төмендетеді. Ал құрамында көп мөлшерде кездесетін кальция себепті, қызылша жүрек ауруларынан зардап шегетін адамдардың ас мәзірінен табылуы тиіс.

Іш қатуы. Қызылшадан жасалған тағамдарды іш жүргізетін құралдарға балама ретінде қолдануға болады. Бірақ қызылша шырынын пайдаланғанда абайлаңыз! Нәтижесі сіз күткеннен де артық болуы мүмкін.

Бас жазу. Қою қызыл көкөніс бауыр қызметін жақсартып, оны улы заттардан қорғап, организмнен зиянды заттарды шығарады.

Асқазандағы ауырлық. Әсіресе ол жаншылған шошқа етіне байланысты. Қызылша ақуыздао мен майлардың қорытылуына көмектеседі.

Тұмау. Қызылша қабынуға қарсы әсерге ие. Сондықтан бұл көкөністің шырынын тұмау тигенде мұрынға тамызады. Сонымен қатар баспа, көмейдің қабынуы, жұтқыншақ қабынуы орын алғанда, тамақты шаю үшін қолданады.

Егер сізде төменде аталған дерттер болса, қызылшаны көп қолданбағаныңыз абзал:
сусамыр — ол қандағы глюкоза деңгейін арттырады;
құяң немесе несеп-тас ауруы— қызылша құрамында бұл ауруларда қарсы көрсетілетін қымыздық қышқылы бар.
іш өтуіне бейімділік — қызылшаның іш жүргізетін әсері керек емес.
Қызылшаны қалай пісіреді?

1. Қызылшаны пісіргенде ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Ол дәрумендердің жоғалуын азайтады.

2. Көкөністің толықтай суға батып тұруын қадағалаңыз. Ол пайдалы заттардың ыдырау процесін баяулатады.

3. Суға тұз салмаңыз. Ол қызылшаның пісу уақытын ұзартады. Тіпті, қызылша піскеннен кейін де қаттылау болуы мүмкін. Дайын тағамды тұздаңыз.

4. Түбін кеспеңіз және сабағын толық кеспей, бірнеше сантиметрін қалдырыңыз. Әйтпесе қызылша түсін жоғалтып, дәмі су татып кетуі мүмкін.

5. Пісу уақытын жылдамдату үшін, суға 1 ас қасық қант салыңыз не өсімдік майын құйыңыз. Екеуі де қайнау температурасын жоғарылатады.

6. Егер ыдысты былғаудан қорықсаңыз, қызылшаны полиэтилен пакетке салып пісіріңіз. Ол көкөністің дәміне, пісу ұзақтығына әсер етпейді.

7. Егер қызылшаны тазаланған не туралған күйінде пісірсеңіз, суға біраз сірке су қосыңыз. Ол көкөністің түсін жоғалтпауы үшін қажет. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста