Нағыз сағыз қарағайда болады

Нағыз сағыз қарағайда болады

«Сағыздың ас қорытуға көмегі көп» дейді. Қазір оның неше түрі бар, бірақ олардың зияны туралы көп айтылады. Осыны түсіндіріп берсеңіздер.
Әсия Тұрарбекқызы,
Талдықорған қаласы

Сағыз шайнау – адамның ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді бодырмаудың жақсы әдісі. Сағыз – өте жеңіл әрі кез келген жерде пайдаға аса кететін зат. Сағыздың дәмінің қандай болғандығы маңызды емес. Оның  дәмі ауызды жағымсыз иістен құтқару үшін айтарлықтай маңызды қызмет атқара қоймайды. Маңыздысы, ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысы.
Тістің сау күйінде сақталуы үшін құрамында қант жоқ сағыздарды пайдаланған жөн. Сағыз шайнағандықтан сілекей көп бөлінеді және ол процесс қалыптағыдан едәуір арта түседі. Сілекей – асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек. Одан қала берді, сағыз тілдің таза болуы үшін де керемет пайдалы екен. Алайда «пайдалы екен» дегеннің бәрін тоқтаусыз тұтына беруге де болмайды. Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.
Егер түскі астан кейін он минуттай сағыз шайнасаңыз, ағзаңызға оң әсерін тигізеді. Әсіресе, миға баратын қан тамырларындағы қанның жұмысын жеңілдетеді. Ал егер жолда, яғни көлікте немесе пойызда болсаңыз, құлағыңызға түсетін салмақты азайтады. Әйтсе де қазіргі таңда сағыздарға түрлі химиялық қоспалар қосатындықтан, ең дұрысы – мүмкін болса, кәдімгі орманда өсетін қарағайдың сағызын (шайырын) шайнаған жөн. Ол – адам ағзасына өте пайдалы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста