Мысырдың мемлекеттік құрылымы қандай?
Мысырдағы дағдарыс жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан біліп отырмыз. Жалпы, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің көлемі, мемлекетті басқару формасы қандай?
Есболат СӘДУАҚАС, Семей
Мысыр елі территориясы жағынан әлемде 30-орында. Халқының саны – 79 млн 80 мың адам. Бұл елдің туризм саласы әйгілі болғанымен, экономикасы сын көтермейді. Жалпы ішкі өнім – жан басына шаққанда 2721 АҚШ доллары. 1922 жылы Британ империясынан тәуелсіздігін алған Мысырда бұған дейін де бірнеше төңкеріс болған. Қазіргі басқару жүйесі 1954 жылы қалыптасқан. Ресми түрде президенттік-парламенттік мемлекет болып есептеледі. Биылғы жылдың 29 қаңтарында аталған елде вице-президент деген лауазым пайда болды. Ал қазіргі басшы Хосни Мүбәрак билікке 1981 жылдың 14 қазанында келген болатын.