Білейін дегенім, мыстың әлемдік бағасы төмендеді деген ақпарат рас па?
Дарын, Алматы қаласы
Алдыңғы қатарлы мыс биржаларында сейсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша, расымен де, мыстың әлемдік бағасы төмендеді. Ұлыбритания мен Америкадағы шикізат биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарық көрді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, мыстың алдағы айлардағы фьючерстерінің орташа құны Лондонда LondonMetalExchange (LME) биржасында LMECopperGradeA $9670,5 (-111)/тоннаны құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (COMEX) алдағы айларда жеткізілетін мыс фьючерстерінің бағасы HGCopper келісімшартына $9650,74 (-167,55)/тонна болды. Жалпы, мыс бағасына қатысты халықаралық Goldman Sachs банкінің алдағы үш жылда мыс бағасы жоғары болады дегені белгілі. «Өйткені бұл металға деген әлемдік сұранысты қанағаттандыруға қазіргі бар өнім өндіруші кәсіпорындардың қуаттылығы жеткіліксіз» деген болатын аталмыш банк сарапшылары. Негізінен, халықаралық сарапшылар «болашақта мыс бағасы тұрақтылық табады» деген болжам айтуда.
Мыстың әлемдік бағасы қанша?
Последние статьи автора