Қазақстан – мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ мемлекет. Мұнай, газ, өзге де пайдалы қазбаларымызды әлемдік мұхитқа шығара алмай отырмыз. Қазақстаннан басқа мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ қай елдер бар?
Қазіргі кезде мемлекеттік шекарасы бойынша әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ 43 мемлекет бар. Мұхитқа өте алмайтын мемлекеттер Африкада – 15, Еуропада – 14, Азияда – 12, Оңтүстік Америкада – 2. Ал мүлде мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ елдердің қатарына Өзбекстан, Лихтенштейн, Сан-Марино, Ватикан, Лесото, Моңғолия, Непал, Бутан, Свазиленд, Андорра, Молдова жатады. Мұхитқа шыға алмайтын елдердің халық саны ең көбі – Эфиопия (75 млн), ал жер көлемі жағынан ауқымдысы, яғни ең үлкен құрлықішілік мемлекет – Қазақстан (2 724 900 шаршы шақырым). Сонымен, мемлекеттік шекарасы әлемдік мұхитпен шектеспейтін елдер: Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Қырғызстан, Лаос, Тәжікстан, Түрікменстан, Ботсвана, Буркина фасо, Бурунди, Замбия, Зимбабве, Малави, Мали, Нигер, Руанда, Свазиленд, Уганда, Чад, Орталық Африка Республикасы, Беларусь, Венгрия, Люксембург, Македония, Сербия, Словакия, Чехия, Швейцария, Боливия, Парагвай.