Мұхтар Әуезов 1934 жылы «Хан Кене» пьесасын жазып, ол Қазақ драма театрында қойылған екен. Осы пьесасы үшін де, одан кейін де Мұхаңның көп қуғын-сүргінге ұшырағаны рас па?
Зағира НҰРЖІГІТ, Талғар
Қазақтың талай зиялыларын елден аластап, жер аударып тынған Голощекиннің жандайшаптары Мұхаңды «Өзі хан болып, қазақты жеке билегісі келетін Кенесары орыстарға қарсы еді, Әуезов соны жазды» деп кінәлады. Осындай сындардың салдарынан Мұхаң Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Орыс жазушысы Л.Соболевпен қарым-қатынасы жақсы болған Әуезов онымен бірлесіп, көркем туындылар жазды. Соғыс жылдары елге оралып, жемісті жұмыс атқарды. 1950 жылдары Кеңес Одағында жаңа идеологиялық науқан – космополитизммен күрес өріс алғаны мәлім. Түрлі идеологиялық қыспақ қайта қолға алынды. Жаңаша тықыр Әуезовке де таянған. Содан Мұхаң екінші рет Мәскеуді паналайды, университетте ұлттар әдебиетінен дәріс оқиды, өзінің ірі шығармаларын жазады. «Абай жолы» эпопеясына алдымен Сталиндік, кейіннен Лениндік сыйлық берілді. Әрине, мұның бәрі оңайлықпен келген жоқ. Бірақ Әуезов түрлі қиын-қыспаққа қарамастан, өзі де биіктеді, халқын да биіктетті.
Мұхаң не үшін қуғындалды?
Последние статьи автора