Жақында қызым 24 жасқа толады. Бiрiншi мүшел жасын 13 жасында атап өткенбiз. Ендiгi мүшел жасы 24 жас па, әлде 25 жас па?
Жазира АМАНГЕЛДИЕВА, Талдықорған қаласы
Мүшел жас дегенiмiз – (13, 25, 37, 49 т.т) адам ғұмырының сапалық ауысым жылдары. Олар адам ағзасының қазiргi таңдағы медицинада белгiлi болған гормондық жүйесiнiң жаңару кезеңдерiмен тұспа-тұс келедi. Мәселен, 13 жас жыныстық кәмелеттiң басталуы, 25 жас бой өсiретiн гормонның тоқталуы, 49 жас ұрық қабiлетiнiң азая бастауы секiлдi адам бойындағы табиғи өзгерiстермен ерекшеленедi. Адамдар мүшел жас кезiнде өмiрi қандай да бiр өзгерiстерге толы болады деп ырымдайды. Жаңа мүшелге келгенде адам мүшел жастан аман өту үшiн қауiп-қатерден сақтанып жүредi. Көптеген адамдар осы кезде өзiнiң қимас затын бiреуге сыйлап немесе қайырымды, сауапты iстер жасауға тырысады. «Бұл оны қауiп-қатерден сақтауға көмектеседi» деп ырымдайды. Мүшел жас төмендегiдей жiктеледi.
1-мүшел – 13 жас (ержете бастау).
2-мүшел – 25 жас (жiгiттiк шақ).
3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату).
4-мүшел – 49 жас (орта жас).
5-мүшел – 61 жас (орта жас).
6-мүшел – 73 жас (қарттық).
7-мүшел – 85 жас (кәрiлiк).
8-мүшел – 97 жас (қалжырау).
9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю).
10-мүшел – 121 жас (немене сүю).
Мүшел жас қалай жiктеледi?
Последние статьи автора