«Кезінде Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына да сын айтылған» деп жатады. Әсіресе «оның поэзиясының көркемдік деңгейі төмен» дегендер де болған екен. Ақынның қандай өлеңдері сыналғанын білгім келеді.
Бағдат ЕСІМ, Ақтау қаласы
Ақиық ақын шығармашылығын әдеби орта, расында да, сынға алған. Оған «Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы секретариатының қаулысы «Қазақ әдебиеті» газетінде 14.06.1969 жылы жарияланған өлеңдер жайында» атты жазушылардың кезекті отырысы куә бола алады. Онда: «Қазақ әдебиеті» газетінің осы жылғы 14 күнгі санында М.Мақатаевтың бір топ өлеңі жарияланды... Бірақ бұл жолғы талғамында редакция басшылары (Н.Ғабдуллин, Ж.Тәшенов) газетке әзірлеген өлеңдерге жауапсыз қараған. М.Мақатаевтың жарияланған өлеңдерінде күңгірт, көмескі ойлар, жұмбақ, жұтаң жолдар баршылық. ...Кішкентай бөбегіне арналған алғашқы өлеңі мен «Тірімісің, жүрегім?» атты өлеңінде айқын байқалады», – делінген. 1969 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Әди Шәріпов газет басшыларына ескерту жасап, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру жөнінде тапсырма берді.
Мұқағали өлеңдері неге сыналған?
Последние статьи автора