Мұқабадағы бүркітші кім?
Бірде танысымның үйінен «Қазақстан» деп аталатын үлкен суретті кітап көрдім. Мұқабасында қолына бүркіт қондырған көрікті қазақ жігітінің суреті тұр. Сол жігіт композитор Бекет Есентаев емес пе?
Нұрзият АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ, Алматы облысы
Саятшы Бекет Есентаевтың қолына бүркітін ұстап түскен әйгілі суретін көптеген газет-журналдардан, интернет-сайттардан, қала көшелеріндегі жарнамалардан жиі көруге болады. Бұл сурет негізінде елімізді шетелдіктерге таныстыратын «Қазақстан» үлкен көркемсуретті энциклопедиялық жинақтың мұқабасына берілген. Бірақ сол суреттегі жігіттің сұлтаны – Бекеттің өзі екендігін біреу білсе, біреу білмес. Бекет Есентаев 1988 жылы Мәскеу қаласында өткен Халықаралық фольклор фестивалінің лауреаты атанған. Осынау үлкен шарада ол қолына бүркітін қондырып, қазақ өнерпаздарын сахнаға бастап шыққан. Осы жылы ол Алматыда өткен республикалық ақындар айтысына Жезқазғанның атынан қатысып, сөз додасында тапқырлығымен, суырыпсалмалығымен ерекше көзге түседі. Бұдан кейін Бекет 1991 жылы Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысып, лауреат атанып, қазылар алқасы мен көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленген.