Мультфильмді жас демей, кәрі демей, елдің бәрі жақсы көреді. Шынымен де, жанданған суреттер мен қуыршақтарды тамашалау өте қызық-ақ. Жалпы, мультипликациялық фильмдер қалай жасалады?
Еркін НҰРМҰРАТҰЛЫ, Шымкент
Анимациялық фильм жасау – ұзақ та бейнетті жұмыс. Кейіпкерлерді қозғалысқа келтіру, оларды ойнату аниматор-режиссерге оңайға түспейді. Сценарий бойынша кейіпкер ас ішуі керек болса, оның әр сатысын бейнелеу қажет. Ол асты аузына апарады, тістейді, шайнайды... Бірақ бұл нобайы ғана. Енді осы қимыл сатыларының бәрін әдемілеп салу керек. Мұнымен суретші айналысады. Сосын салынған суреттер сканер арқылы компьютерге көшіріледі. Енді ол компьютер маманының қолына түседі. Оның міндеті – қимыл бөліктерінің бәрін құрап, тұтас көрініс жасау. Қараңызшы, осыншама суреттен титтей ғана көрініс шықты. Алайда әлі бәрін бояп шығу керек.
Бұл – мультфильм жасаудың бір тәсілі ғана. Бұдан басқа, қуыршақты, компьютерлі анимация дегендер бар... Экраннан жарты сағатта зу ете қалатын фильмді аниматорлар бір, екі, тіпті одан да көп жыл бойы түсіреді. Себебі суреттерге жан беру оңай іс емес.
Мультфильм қалай жасалады?
Последние статьи автора