Мүгедектікке байланысты жұмыстан босату заңды ма?

Мен теміржол cаласында жұмыс істеп жүріп ауырып, ІІІ топтағы мүгедек болып қалдым. Мүгедектігіме байланысты мені жұмыстан босатып отыр. «Сізге бұл салада жұмыс істеуге болмайды», – дейді. Жұмыс берушінің осы әрекеті заңды ма?
Қайырбек ҚАЙСАРОВ,
Жамбыл облысы
ҚР Еңбек кодексінің 54-бабы­ның 1-тармағы­ның 4-тармақшасына сәй­кес, өзінің жұмысын жал­ғасты­руына ден­саулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқара­тын лауазымына немесе ор­ындайтын жұ­мы­сына сәйкес келмеген жағ­дайда жұ­мыс беруші онымен ең­бек шартын өз баста­масы бойынша бұза алады делінген.
Кодекстің 56-бабының 3-тар­ма­ғы­на сәйкес, осы Кодекстiң 54-ба­бы 1-тар­мағының 4-тармақ­ша­сына сәй­кес, еңбек шартын бұзу үшiн қыз­мет­кер­дiң осы жұмысты жал­ғас­тыруына ке­дергi келтiретiн ден­саулық жағдайы салдарынан ат­қа­ра­тын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуi Қазақ­стан Республикасының заң­нама­сында белгiленген тәртiппен меди­ци­налық қорытындымен рас­тал­ған болуға тиiс.
Демек, жұмыс берушіңіздің сізбен еңбек шартын бұзуы сізге қа­тысты ос­ын­дай медици­налық қоры­тынды шы­ға­рыл­ған жағдайда ғана заңды болып табылады.
Осы ретте сіз мекемеңіз орналас­қан жер­дегі Бақылау және әлеумет­тік қорғау департаментіне жазбаша арыз жолдағаныңыз жөн. Бұл жағ­дайда мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушіңіздің әрекетінің заңдылығын анықтайтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста