Мүгедектігіне байланысты жұмыстан шығару заңды ма?

Мен ІІ топ мүгедегімін. 2009 жылдан бастап мектепте директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызмет еттім. Биыл жаңа оқу жылы басталғалы мектеп директоры: «Сіздің денсаулығыңыз жұмыс істеуге келмейді, сондықтан өз еркіңізбен жұмыстан кету туралы өтініш жазыңыз, әйтпесе статьямен жұмыстан шығарамын», – дейді. Осы заңды ма?
Жандарбек МАМАЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарапшы мамандардың айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі  – кодекс) 54-бабының 1-тармағының 4-тармақ­шасына сәйкес, жұмыс беруші өз баста­масы бойынша қызметкермен еңбек шартын қызметкердің өзiнiң жұмысын жалғасты­руына денсаулық жағдайының кедергi келтiруi салдары­нан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орын­дайтын жұмысы­на сәйкес келмеген жағдайда өз бастамасы бо­йын­ша қыз­меткермен еңбек шартын бұза алады. Алайда жұмыс беруші осы бап бойынша қызметкермен еңбек шар­тын бұзуы үшін осы кодекстің 56-бабының 3-тар­мағына сәйкес, қызмет­кердің осы жұ­мысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқа­ра­тын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан Рес­пу­бликасының заңнамасында бел­гіленген тәртіппен медициналық-әлеу­меттік сарап­тама қорытындысымен расталуы тиіс. Яғни жұмыс берушінің сізді өз еркіңізбен жұмыстан босау ту­ралы өтініш жазуға мәж­бүрлеуі заңсыз болып табылады. Себебі жұмыс беру­шіде сізді еңбек шарты­мен босатуға жоғарыдағы баппен көздел­ген заңды негіз болса, ол еңбек шартын өз бас­тамасы бойынша біржақ­ты бұзар еді. Осы орайда, жұ­мыс беру­ші­нің әрекет­терінің заңдылы­ғын анық­тау үшін сізге жергілікті жер­дегі Бақылау және әлеу­меттік қорғау департаментіне жазбаша шағым­дану қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста