Мүгедектерге жөргек те тегін беріледі
Ұлы Отан соғысының мүгедегін бағып отырмыз. Оған тегін дәрі-дәрмек тиесілі. Бұған қоса, қариямызға Pampers сияқты жөргектер аса қажет. Оларды аптекадан тегін ала аламыз ба?
Меруерт Есжанова, Ақтөбе облысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының мәліметінше, «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң мен ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандар міндетті гигиеналық құралдармен (дәреталғыш, жөргек) тегін қамтамасыз етілуі тиіс. Ол үшін мүгедек немесе оны күтуші аумақтық өкілетті органға өтініш жазуы қажет. Міндетті гигиеналық құралдар, әсіресе, жөргек әр мүгедекке жылына 480 данаға дейін тегін беріледі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу