Мүгедектерге жеке көмекші тағайындау

Мүгедектерге жеке көмекші тағайындау және оларға ақы төлеу қалай жүзеге асырылады? 
Ержан МҰҚАШЕВ,
Атырау облысы
Сарапшы маманның айтуына қарағанда, «Қазақстан Республи­ка­сында мүгедектерді әлеуметтік қор­ғау туралы» Қазақстан Республи­ка­сының Заңына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері меди­циналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көр­сетім­дері бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көр­сетіледі. Бұл ретте, бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін көрсету және міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қам­тамасыз етудің тәртібі жергілікті ат­қарушы орган­дармен атқарылады.
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу шарттары, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім­дері мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қыз­мет­­керлеріне, қазыналық кәсіпо­рын­­дар­дың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйе­сіне сәйкес жүргізеді.
Бұл мәселе жөнінде Аты­рау облы­сының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасына хабарла­сып, толық мағлұмат алуыңызға бола­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста