Бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрғын үй, автокөлік, емдік санаторийлерге тегін жолдамалар берілетін. Бүгінде мұндай жеңілдіктер бар ма, әлде алынып тасталған ба? Егер бар болса, қай топтағыларға беріледі екен?
Ербақыт, Тараз қаласы
Жамбыл облыстық дәрігерлік-әлеуметтік сараптама мамандарының айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан жалпы мүгедектерге қарастырылған жеңілдіктердің жаңа ережесі бекітілген екен. Осы ереженің 4-қосымшасында мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін берілетін медициналық айғақтардың тізбесі көрсетілген, соған сәйкес, бөлмеде және серуендеуге арналған қоларбалармен, еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру зардабы бар мүгедектер арнайы автокөлікпен медициналық айғақтар негізінде қамтамасыз етіледі. Қоларбалармен І-ІІ топтағы мүгедектер, ал арнайы автокөлікпен ІІ-III топтағы мүгедектер медициналық айғақтар тізбесіне сәйкес қамтамасыз етіледі. Емдік санаторийлерге медициналық қайшылықтары жоқ мүгедектерге баруға болады.
Мүгедектерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Последние статьи автора