Алматы қаласында мүгедек балаларға арналған орталық бар деп естідім. Ол жерге науқастарды қанша жастан бастап қабылдайды және қандай қызметтер көрсетіледі?
Айжан НҰРБАЕВА, Алматы қаласы
Сіздің бұл сұрағыңызға Алматы қалалық психоневрологиялық орталықтың әдіскері Гүлнәр ҰЗАҚОВА жауап береді:
– Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған орталығында қазір 50 бала арнайы әлеуметтік қызмет алуда. Онда арнайы мамандар жарымжан жандарға жеті сала бойынша көмек береді. Әсіресе науқастардың жеке даму деңгейін арттырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмысы жақсы жолға қойылған. Ол үшін психолог, дефектолог, логопед мамандары әр баламен жеке-жеке жұмыс істейді. Бұдан бөлек, тәрбиеленушілердің ақыл-ойын дамыту мақсатында әрдайым мерекелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Орталыққа негізінен 1,5-18 жас аралығындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар қабылданады. Олар күндіз тәрбиешілердің бақылауында болып, кешкісін ата-аналарына қайтарылады.
Мүгедек балаларға арналған орталыққа қанша жастан бастап қабылдайды?
Последние статьи автора