Младие күнтізбесі қандай?
Әлемде жыл санаудың неше түрі бар. Соның ішінде Младие күнтізбесі туралы түсінік берсеңіздер.
Ғани, Тараз қаласы
Младие күнтізбесі бойынша бір жыл 365 күн немесе 366 күн болады. Бұл уақыт жер шарының күнді толық бір рет айналып шығуына кететін уақытқа тура келеді. 365 күндік жыл әдеттегі жыл деп, ал 366 күн болатын жылды артық жыл не толық жыл деп атайды. Младие күнтізбесі бойынша әр төрт жылдың үш жылы әдеттегі жыл, ал бір жылы толық жыл болады (халықаралық келісім бойынша солай). Толық жыл үшін Младие жыл саны 4-ке қалдықсыз бөлінеді. Ал әдеттегі жылдар қалдықсыз бөлінбейді. Мысалы: осы жыл толық жыл, келер 2009 жыл 4-ке бөлінбейтіндіктен, ол әдеттегі жыл болады.Бір жыл 12 айға бөлінеді, айлар үлкен ай және кіші ай деп екіге бөлінеді. Үлкен ай 31 күннен, кіші ай 30 не 29 не 28 күннен болады. Бұл айлардың рет тәртібі және күн саны төмендегідей:
Қаңтар 31 күн, ақпан 29 не 28 күн, наурыз 31 күн, сәуір 30 күн, мамыр 31 күн, маусым 30 күн, шілде 31 күн, тамыз 31 күн, қыркүйек 30 күн, қазан 31 күн, қараша 30 күн, желтоқсан 31 күн. Ақпан айы әдеттегі жылдарда 28 күн, ал толық жылдарда 29 күн. Бұдан басқа, күнтізбеде мынадай мәселе бар, яғни әр 400жыл сайын 3 күнді күнтізбеден шығарып тастау. Шығарып тастау әдісі төмендегідей: младие жыл санының әр орындағы сандардың ішіндегі жүздік және мыңдықтар орнында тұрған сандардың 4-ке қалдықсыз бөлінбейтін сандарынан бір күнді шығарып тастау. Мысалы: 1300, 1400, 1500-жылдарының жүздер және мыңдықтар орнындағы саны 13,14,15, яғни 4-ке бөлінбейді, сол себепті осы жылдардан бір бір күнді шығарып тастайды. Сол үшін осы жылдар әуелде толық жыл болса да толық жыл ретінде алынбайды. 1600 жылдағы 16 саны 4-ке қалдықсыз бөлінеді, сондықтан бұл жыл әуелде белгіленгені бойынша толық жыл бола береді.
Қазіргі дүниеде осы күнтізбені қолданады.