Миллиардер Уоррен Баффет әлемдегі ең бай адамдардың қатарында. Ол көптеген жобаларға қаржы құйып, байыған өте ақылды адам. Оның биылғы жылдық табысы $77.3 миллиард долларды құраған екен.
Барлық адам баласы жақсы өмір сүруге ұмтылатыны сөзсіз. Ендеше, миллиардерден 5 кеңесті оқи отырыңыз!
1. Мүмкіндігінше жақсы өмір сүр!
2. Кеңес берушінің айтқанын істемей тұрып, жақсылап тыңдап ал. Сосын қайсысын дұрыс деп санайсың, соны жаса.
3. Ең жақсы инвестиция – өзіңе құйған инвестиция. Ақша адам жасамайды, керісінше, адам ақша жасайды.
4. Кредит карталарынан аулақ жүр!
5. Брендтердің артынан жүрме, қайсысы ұнап тұр, соған бар.
Кез келген жаңадан кәсіп бастаушы адам осындай ірі кәсіпкерлердің өмірі мен айтқан кеңестерін оқиды. Бұл байлықтың 5 ережесі қарапайым адамдар үшін өте пайдалы. Өйткені адамдардың көпшілігі қымбат заттармен ерекшеленуге тырысады.
Бірақ Уоррен Баффет өзінің барлық байлығына қарамастан өте қарапайым өмір салтымен жүреді. Оның қарапайым үйі бар. Қымбат мейрамханаларға кіріп тамақтанбайды, арзан көлікпен жүргенді ұнатады.
Миллиардердің кеңесі өзінің өмірлік тәжірибесіне негізделген. Ол осынау ережелерді басшылыққа ала отырып, бай болды.
Есіңізде болсын, үлкен биіктер кішкентай қадамдардан бастау алады.