Микропештің өз ережесі бар

Жақында микротолқынды пеш сатып алдым. Оған кез келген ыдысты пайдалануға болмайтынынан хабарым бар. Бірақ нақты білмеймін. Осы жөнінде кеңес берсеңіздер.
Айтолқын Темірова

Микротолқынды (СВЧ) пеште фаянс, фарфор, керамика, саз балшық және шыныдан жасалған ыдыс­тарды пайдалануға болады. Сондай-ақ тағам салуға арналған пластик ыдыс немесе қағаз стакандар да жарай береді.
Микропешке металл немесе металл бөлшектері бар, сондай-ақ жиегіне құрамында металы бар бояу жағылған ыдыстарды қолдануға болмайды. Мұндай бояу кейде сырттай қарағанда қауіпсіз көрінеді, сондықтан сақ болған жөн.
СВЧ-пештерде ыстыққа төзімсіз пластик пен оңай балқитын меламин ыдысты салуға болмайды. Хрустальды жылыту үшін бір сәтке де қоюға тыйым салынады. Себебі хрусталь сапалы болған сайын, оның құрамында қорғасын не күміс көп болады. Әрі мұндай пештің ішінде сынып та қалады.
Дүкендерде арнайы СВЧ-пешке арналған ыдыстар көп. Мұндай ыдысты таңдағанда біраз нәрсені есте ұстаған жөн. Әртүрлі ас әзірлеу үшін ыдыс та түрліше болуы тиіс. Мәселен, шұңғыл ыдыстағы тамақ ұзақ піседі. Тікбұрыштыға қарағанда, дөңгелек ыдыста тағам біркелкі жылиды. Тамақ тез пісуі үшін ыдыстың бетін шыны, фаянс, не керамика қақпақпен жабу керек. Оның орнына қағаз салфетка, полиэтилен пленка да жарай береді. СВЧ-пешке арналған ыдысты сатып аларда ыдыстың бүтіндігін мұқият тексеріңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста