Fдам миы – зерттеліп үлгермеген жұмбақ ағза. Ғалымдардың өздері мидың толық зерттелуі үшін әлі бірнеше ондаған жылдар өту керек дейді. МиымыздыҢ атқаратын қызметтері көп. Зерттеліп үлгерген мына қызметтерді сіздерге ұсынамыз:
• Зейін;
• Есте сақтау қабілеті;
• Ойлану;
• Белгілі бір бағытта жұмыс жасау;
• Жағымды және жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығару;
•Жоспарлау;
Мидың негізгі ерекшелігі – ойлау қызметін атқаруында. Ми қызметтерін оның жіктелуіне сәйкес қарастырады:
1. Мидың қызметіне сәйкес латерализация деп аталатын жарты шарларға жіктеледі. Ми физикалық тұрғыдан екі жарты шарға бөлінген. Олардың сыртқы бейнесі ұқсас болғанымен, әртүрлі қызмет атқарады әрі түрлі белсенді үрдістерге жауап береді. Адамдардың санасында қалыптасқан түсінік бойынша оң жарты шары дамыған адам шығармашылыққа жақын болады. Дегенмен, бұл дерек әлі күнге дейін дәлелденбеген.
2. Ми қызметтерін оның бөлігіне сәйкес жіктеуге болады. Ми тұтас бір ағза болғанымен, оның әр бөлігі әр түрлі қызметке жауапты.
Оң жарты шар
Оң жарты шардың арқасында сіз қиялдау арқылы А аймағынан Б аймағына дейін еркін серуендей аласыз.
Оның атқаратын қызметтері мынандай:
• Кеңістік бағдарлау. Оң жарты шардың көмегімен сіз өзіңіздің тұрған аймағыңызды бағдарлай аласыз. Өзіңіздің ойыңызда карта сызуға мүмкіндігіңіз болады. •
Сөзсіз, іс-қимыл арқылы берілген ақпаратты өңдеу. Символдар, бөліктер мен түрлі қимылдарды қабылдап, оларды өз қажетімізге жарата аламыз.
• Метафора. Біз метафора, тұрақты тіркес, ауыспалы сөздерді естіген кезде сол күйінде қабылдамаймыз. Міне, сол қызметті оң жарты шар атқарады.
• Әуен. Тыңдау әрі оны рухани азыққа айналдыру қабілетін мидың екі жарты шары да атқарады.
• Эмоция. Әуен секілді бұл қызметке де екі жарты шар жауап береді. Дегенмен, оң жарты шардың үлесі көбірек. • Қиял. Кез келген қиял әлеміне «Егер...» деген сөзден соң енеміз. Бұл сөзді естіген бойда немесе ойға алған сәтте миыңызды оң жарты шары белсенді түрде іске кіріседі.
• Арман. Армандай бастаған сәтіңізде миыңыздың оң бөлігі үздіксіз жұмыс жасайтынын ұмытпаңыз.
• Дененің сол бөлігін басқару. Біз сол қолымыз бен аяғымызды қимылдатқан сәтте біздің оң жарты шарымыз жақсы жұмыс жасайды. Амбидекстрия деп аталатын арнайы жаттығулар екі ми шарының жұмысын жеделдетуге арналған. Бұл кезде адам екі қолымен де бір уақытта жазып, сыза алады.
Сол жарты шар
• Адамның логикалық, ғылыми және қалыпты ойлауына жауапты мидың маңызды бөлігі. Сол жарты шар тілдің қабілеттеріне – жазу, сызу мен оқуға жауапты. Сонымен қатар, күн атауларын, уақытты, деректер мен адам есімдерін жаттап алуда септігін тигізеді.
• Математикалық қабілет. Логика, сараптама, статистика және математикалық мәселелердің шешімін оңай табатын болсаңыз миыңыздың сол жарты шары жақсы жұмыс жасайды.
• Сөзді сол қалпында қабылдау. Метафораларды түсінуде қиындық туып жатса, демек, оң жарты шарыңызды дамыту керек.
• Дененің оң бөлігін басқару. Оң қолыңызды жиі көтеріп, қаламды оң қолыңызға ұстасаңыз, дәл қазіргі сәтте мидың сол жарты шары жұмыс жасап жатыр.
• Ақпаратты жүйелі өндеу. Егер ақпаратты қабылдау барысында бір қадамды жіберіп алсақ, бұл бұрыс шешімге әкелуі мүмкін.