Метеорологтар биылғы жаздың өте ыстық болатынын айтты
Метеорологтар биылғы жаздың ыстық болатынын ескертті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлыбританияның Met Office ауа райын болжау орталығының мәліметіне қарағанда, сәуір айынан бастап су массасының температурасы орта есеппен 1-3 градусқа дейін қызады.
Бұл жылыну Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың тропикалық аймақтарындағы циклондардың әрекетін жылдамдатады.
Солтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай аймақтарында аномальды ыстық толқындар мен ұзаққа созылған құрғақшылық қаупі артады.
Сонымен қатар, Met Office климаттық орталығы биыл орташа жылдық температура климаттық нормадан 1,08 және 1,32 градус аралығында болады деп болжаған.
Жер шарындағы жылдық ауа температурасы климаттық нормадан 1,3 градус және одан да жоғары болады.