Мешін жылын қалай қарсы алу керек?

Жаңажылдық қарбалас. Бар әлем мешін жылын қарсы алуға қызу дайындық үстінде. Жайылған дастарханға қандай тағам қойылуы тиіс? Мерекелік киім үлгісінің түсі маңызды ма? Үй ішін қалай безендірген дұрыс? Мешіннің сипаттамасы белсенді, ойнақы және жарқын. Сондықтан мереке қарсаңында үйді әрлеуге кіріскен кезде осыны есіңізден шығармағаныңыз жөн. Қызыл және ақ. Жаңа жылды қарсы алғанда аталған 2 түске басымдық берген дұрыс. Елордалық дизайнер Роман Цыгановтың айтар кеңесі осы. Себебі бұлар міндетті түрде баспанаңыздың сәнін келтіріп, мешін жылында үй ішіне бақыт әкеледі деп есептейді Роман. Бірақ тұратын жеріңіз толықтай қызыл мен ақ түске боялмауы тиіс. Ал сұр түсті қолданбауға тырысқан жөн. Роман Цыганов интерьер дизайнері: - Бүкіл жиһазды емес, қызыл мен ақ тоқымаларды немесе жастықтарды қойған дұрыс. Бұл бұйымдар сіздің үйіңізге мерекелік сән келтіреді. Қазір интерьер жөнінде кеңес беретін сайттар көп. Соларға кіріп, қажетті ақпар алуға болады. Бөлмедегі жарыққа да назар аудару маңызды. Ал бірінші ретте өзіңізге жайлы, ұнайтын түстерді таңдаған жөн. Сонда Жаңа жыл мейрамы жақсы өтеді деп ойлаймын. Шиедей қанық түсті киім үлгісі де келе жатқан мерекені қарсы алуға жарамды. Өйткені 2016 жыл алаулаған албырт мешін жылы саналады. Отандық дизайнерлер қызыл, қызғылт сары, қою қызыл көйлектерді киюге кеңес береді. Киім жеңіл және ыңғайлы болуы тиіс. Анастасия Романова, дизайнер: - Егер жалынға қарасаңыз, қызыл мен көк түстерді байқауыңызға болады. Сондықтан сізге қызыл түс жараспайтын болса, біз көк немесе жасыл киім киюді ұсынамыз. Бұл үйлесім сәнді саналады. Жаңа жыл қарсаңында барлық нәзік жандыларды алаңдататын – ол мерекелік дастарханға әзірленетін тағамдар. Ас шақырылған қонақтардың да көңілінен шығуы тиіс. Биыл ең бастысы – табиғи азық-түліктерді пайдаланған жөн. Өйткені мешін түрлі бояғыштар мен консервантарды жақтырмайды. Біз елордалық мейрамханалардың біріне барып, кәсіби аспаз Рашид Назаровпен сұхбаттастық. Ол бізбен өзінің өте дәмді салаттарының бірін әзірлеу әдісімен бөлісті. Рашид Назыров, аспаз: - Бұл өте жақсы салат. Өйткені оның тұздығы ерекше. Осы тағам бізге Азия елдерінен келген. Оның құрамында 10 қоспа бар. Салатты күнжіт майы, күнжіт шемішкесі және зәйтүн майы негізінде дайындауға болады. Ал ең бастысы – бізге Конфи үйрегінің еті қажет. Алдымен оны өз майында жарты сағат бойы пісіреміз, пекан жаңғақтары, помело мен грейпфрут, яғни цитрус жемістерін қосу керек. Ал енді жаңажылдық ырымдарға тоқталсақ. Мамандар үйде ешқандай сынық ыдыстар болмауы тиіс дейді. Үйді тиянақты жинап, керек емес заттардан құтылған жөн. Ең қызығы, 2016 жылды тағатсыздана күткендерден гөрі, жайлы төсекте тынығып, тіпті ұйықтап қалған адамдарды сәттілік күтеді деген сенім бар.
24.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста