Мемлекеттердің ұлттық девиздері қандай?

Кезінде Кеңес өкіметі алғаш орнағанда «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген девизі болғанын білетінбіз. Өзге де мемлекеттердің ұлттық девиздері туралы білгім келеді.

Берік САДЫРБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы

Ұлттық девиздер қысқа да нұсқа түрде мемлекеттердің гербінде, туларында, монеталары мен банкноттарында кездеседі. Кейбір мемлекеттерде ұлттық девиз кездеспейді. Әлемдегі елдердің ұлттық девиздерін келтіре кетсек. Мәселен, Австралияның ұлттық девизі: «Advance Australia», яғни «Алға, Австралия» деген мағынаны білдіреді. Белоруссияда «Жыве Беларусь!», Бельгияда «Бірлік күш береді», Бразилия туында «Тәртіп пен прогресс», Брунейде «Әрқашан Құдайдың басшылығымен қызмет ету», Ұлыбританияда «Құдай және менің құқығым», Вьетнамда «Тәуелсіздік, Бостандық, Бақыт», Гайанада «Бір халық, бір ұлт, бір тағдыр», Гүржістанда «Күш бірлікте», Ирак жалауында «Аллаһу акбар», яғни «Алла ұлық», Замбияда «Бір Замбия, бір ел», Үндістанда «Шындық жеңеді», Иорданияда «Құдай, Ел, Тәуелсіздік», Кирибатиде «Денсаулық, бейбітшілік және гүлдену», Қазақстанда «Қазақстан – тек қана алға!», Кенияда «Суахили», яғни «Кәне, бірге жұмыс істейік», КХДР-да «Гүлденген және ұлы мемлекет», Кореяда «Барлық адамзат игілігі үшін», Кубада «Отан не өлім», Норвегияда «Барлығы Норвегия үшін», Мароккода «Құдай, Ел, Король», Пәкстан гербінде «Бірлік, Сенім, Тәртіп», Самоада «Құдай Самоаны жаратты», Сауд Арабиясында «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі», АҚШ-та «Құдайдан үміт күтеміз», Түркияда «Egemenlik kayıtsız şartsız milletindir», яғни «Егемендік ұлтқа жауапкершілік жүктейді» деген ұлттық девиздер бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста