Мемлекетке сенуге бола ма?

Кеңес заманында барлық меншік мемлекеттің иелігінде болды да, адамдар сол мемлекет меншігін уақытша пайдаланушылар болып саналды. Қазір бәрі дерлік жеке меншікке өтіп, енді мемлекет тек салық жинаушы органға айналып қалды. Осыған орай, мемлекеттің иелігінде ештеңе жоқ, жоқ болғасын адамдарға ештеңе бере алмайды. Рас, бір нәрсе бере алады – ол уәде. Бірақ нақты игілікпен бекітілмеген бос сөз түріндегі уәде халыққа не береді?

Адамнан сұрағанның екі көзі шығады

Халықтың «Алладан сұрағанның екі бүйірі, адамнан сұрағанның екі көзі шығады» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайлар бүгінде қадам басқан сайын кездеседі. Адамнан, яғни мемлекеттен сұрап жатқандардың көзі шықпаса да, бос уәдеден басқа алып жатқан ештеңелері жоқ.

Мәселен, Көкшетау қаласында мемлекет салған үйден баспана алу үшін кезекте тұрғандар саны 3 мыңнан асады екен. Бұл – тек жеңілдіктермен үй алатындар. Жалпы үй алу кезегінде тұрғандар саны 15 мыңдай болады. Ал енді жеңілдікпен үй алатын мүгедектер, жетім балалар, ардагерлер, басқа да категориядағы адамдар үй алу үшін қанша жыл күтуі қажет?

Мәселен сіз биыл үй алу кезегіне тұрдыңыз делік. 3 мыңдай адам бар кезекте. Жылына 100-шақты пәтер пайдалануға беріледі. Енді өзіңіз есептеп көріңіз – жеңілдікпен пәтер алу үшін сіз кем дегенде 30 жыл кезек күтуіңіз қажет болады. Бұл – мүмкін бе?

Адамнан – әрекет, Алладан – берекет

Ұлы Абайдың айтқан осы сөзін жадында ұстаған адам уақытын босқа өткізбей, мемлекет өкілдерінің жалған уәделерін малданып текке жүрмей, әрекет етеді. Ал нақты әрекет нақты нәтижеге жеткізері анық. Бұның өзі қазір өзіміз өмір сүріп отырған капиталистік қоғамның айнымас берік қағидасы саналады. Яғни, әр адам мемлекеттің уәдесіне сеніп босқа уақыт өткізбей өзі әрекет етіп, өз күшімен, ақылымен өз мәселелерін өзі шешуі тиіс.

Өкініштісі сол, елімізде өмір сүріп жатқан азаматтарыдң көбі капиталистік қоғамның бұл ақиқатын дұрыс түсіне қомйай келеді. Сондықтан бізде қажет нәрселерін мемелкеттен сұрап, мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздыратындар көп. Солардың мемлекеттен бірдеңе алып, жағдайларын жақсартып жатқандары жоқ.

Бұдан түйеріміз не? Ұлы Абайдың айтқанындай «Алладан – берекет, адамнан – әрекет» деп қажет нәрселерімізді мемлекеттен емес, адал еңбегімізден сұрауымыз қажет. Мемлекет бірдеңе береді деп үміттену, аузымды ашып аспанға қарап отырсам, әйтеуір бір уақытта аузыма құймақ түседі дегенмен бірдей. Яғни, мемлекет сіздің мәселеңізді ешқашан шешпейді.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста