Дүниежүзіндегі ең шағын арал-мемлекеттер бар ма? Ең кішкентай арал-мемлекет қайда орналасқан?
Мәншүк, Талғар
Мемлекет мәртебесі бар әлемдегі ең шағын арал – Полинезиядағы Питкэрн аралы. Сонымен бірге 67 адамнан, яғни тоғыз отбасыдан тұратын бұл арал дүниедегі ең саны аз мемлекет болып табылады. Оның аумағы – 4 шаршы шақырымға жуық (400 га). Питкэрн аралы – Ұлыбританияның Тынық мұхиттағы бірден-бір теңіздік иелігі, Жаңа Зеландиядағы британдық жоғары комиссар басқарады. 1767 жылы 2 шілдеде Филипп Картерет ашқан Питкэрн аралдары бес аралдан тұрады. Бұл арал-елдің мемлекеттік туы 1984 жылы 2 сәуірде бекітілген. Басқару формасы – конституциялық монархия. Жергілікті басқару органы – бірпалаталы арал кеңесі. 10 адамнан тұратын кеңестің бес адамы сайланып отырса, қалған бесеуі тағайындалып отырады. Өкілеттік мерзімі – бір жыл. Питкэрннің астанасы әрі оның жалғыз қалашығы – Адамстаун.
Мемлекет мәртебесі бар ең шағын арал – Питкэрн
Последние статьи автора