Менің үш балам бірдей мектепте оқиды. Олардың киім, тамақ, жолдарынан бөлек мектептің жөндеу жұмыстарына кететін ақшада «есеп» жоқ. Жыл сайын үкіметтен ақша бөлінді дегенімен, мектептің құрылыс жұмыстарына ақшаны біз де жинаймыз. Бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтсақ, «өз балаңнан аяйсың ба?» деп, бетімізді қайтарып тастайды. Сұрайын дегенім, мектепте жөндеу жұмыстарына ақша жинау заңды ма?
Жазира Елебекова, Қызылорда облысы
Қазақстан Республикасындағы «Білім беру туралы» Заңына сәйкес, еліміздегі білім беру мекемелеріндегі материалдық-техникалық базаны ретке келтіруге, сыныптарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге және басқа да шаруашылық қажеттіліктері үшін тиісті қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Алайда әр оқу жылының соңына қарай мектептердегі ақша жинау тыйылмай отырғанына бәріміз куәміз. Өкінішке қарай, ол үшін ешкім жауапқа тартылып жатқан жоқ. Өйткені ата-аналардың жалпы жиналысының шешімімен «мектепке ата-аналар тарапынан өз еркімен көрсетілетін көмек» деп көрсетеді. Дегенмен мектепке ақша беру-бермеу – сіздің жеке өз шаруаңыз. Сондықтан егер наразылығыңыз болса, онда сотқа немесе облыстық білім беру мекемесінің басшыларына шағымдануыңызға болады.
Мектепке оқушыдан ақша жинау заңды ма?
Последние статьи автора