Мектепке оқушыдан ақша жинау заңды ма?

Мектепке оқушыдан ақша жинау заңды ма?

Менің үш балам бірдей мектепте оқиды. Олардың киім, тамақ, жолдарынан бөлек мектептің жөндеу жұмыстарына кететін ақшада «есеп» жоқ. Жыл сайын үкіметтен ақша бөлінді дегенімен, мектептің құрылыс жұмыстарына ақшаны біз де жинаймыз. Бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтсақ, «өз балаңнан аяйсың ба?» деп, бетімізді қайтарып тастайды. Сұрайын дегенім, мектепте жөндеу жұмыстарына ақша жинау заңды ма?
Жазира Елебекова,
Қызылорда облысы 
Қазақстан Республикасындағы «Білім беру туралы» Заңына сәй­кес, еліміздегі білім беру мекеме­ле­ріндегі материалдық-техника­лық базаны ретке келтіруге, сы­нып­тарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге және басқа да шаруашы­лық қажеттіліктері үшін тиісті қар­жы республикалық бюджеттен бөлінеді. Алайда әр оқу жылының соңына қарай мектептердегі ақ­ша жинау тыйылмай отырғанына бәріміз куәміз. Өкінішке қарай, ол үшін ешкім жауапқа тартылып жатқан жоқ. Өйткені ата-ана­лар­дың жалпы жиналысының ше­шімімен «мектепке ата-аналар тарапынан өз еркімен көрсетілетін көмек» деп көрсетеді. Дегенмен мектепке ақша беру-бермеу – сіздің жеке өз шаруаңыз. Сон­дықтан егер наразылығыңыз бол­са, онда сотқа немесе облыс­тық білім беру мекемесінің бас­шыларына шағымдануыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста