Мектеп қарауылының жалақысы қалай есептеледі?

Мен мектепте қарауыл болып істеймін. Есепші менің жалақымды төмендегідей есептеп отыр: біліктілік разряды – 1, коэффициент 1,39 17696,25*1,39=24597 – лауазымдық жалақы, 24597*50%=12298 – экология, түнгі кезек уақыты үшін – 80 сағат. Осы дұрыс па?

Ерталап, Қызылорда облысы

Сарапшы маманының мәліметінше, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
«Күзетші (вахтер)» (1-разряд. Ауысым бойынша аға міндеттерін орындау кезінде – 2- разряд) кәсібі бойынша тарифтік-біліктілік сипаттама Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығының 1-шығарылымында көрсетілген.
Жұмысшылардың лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер қаулыға 3-қосымшада берілген.
Бүгінде БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.
Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне түнгі уақытта жұмыс істегені үшін кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағат үшін сағаттық ставканың 50%-ы мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Бұл ретте ауысымдық жұмыс кезiнде қызметкерге барлық нақты жұмыс атқарған сағатына төлем жүргізілетіндігін атап өту қажет, яғни белгіленген лауазымдық жалақы (24 598 тең­ге) қызметкерге жұмыс уақытының балансына сәйкес, бір айлық нормаға төленеді. Егер қызметкер белгілі бір себептермен айлық нормадан артық қызмет атқарса, оған жалақы нақты атқарған жұмыс сағаттарына үйлесімді төленуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста