Бір танысымнан елімізде Меккеге апаратын қаржылық қор құрылатынын естідім. Бұл қаншалықты рас?
Арман АЙТҚАБЫЛОВ, Алматы қаласы
Болашақта мұндай қаржылық қор құрылатыны рас. Қор құрудың мақсаты қарапайым халық аталған қорға қаржы салып, Меккеге қажылыққа баруға ақша жинай алады. Бұл – келісімшартта қамтылған басты талаптардың бірі. Аталған шара аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру да көзделіп отыр. Бұл ретте «қаржыгер Дархан Нұрпейісов «Халықтың инвестициялық сауаттылығын көтеру барысында қор нарығына бірінші рет шығып отырғандарға күрделі қаржы құралдарымен жұмыс істеуге кеңес бермеймін. Өйткені бірінші рет шығып жатқанда өзіміздің үлестік қорлар бар. Сол үлеспен жұмыс жасауға, ал екінші кезеңде акциямен, облигациямен жұмыс жасауға кеңес береміз» дейді.
Бұған қоса мамандар «аталған шара инвесторлар санын арттыруға ықпал етеді» деп есептейді.
Меккеге апаратын қаржылық қор құрылатыны рас па?
Последние статьи автора