Медицина мекемелерінің қауіпті қалдықтары қайда кетеді?
Алматының медициналық мекемелерінің аса қауіпті қалдықтар шығаратыны рас па? Аурухана қалдықтары залалсыздандырыла ма?
Айнагүл Ерімбетова, Алматы қаласы
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының мәліметінше, биыл Алматының медициналық ұйымдарынан 2141 тонна медициналық қалдық жиналған. Оның 1495 тоннасы – қоқыстың А класына жатады, яғни ол қауіпсіз қалдықтар, эпидемиологиялық жағынан қауіпті қалдықтардың көлемі (Б класты) 615,5 тонна болған. В класты, яғни эпидемиологиялық төтенше қауіпті қалдықтардың мөлшері – 25,5 тонна. Өнеркәсіптік қалдықтарға жақын материалдардың көлемі 4,3 тонна болды. Медициналық қалдықтар тұрақты бақыланып отырады және арнайы полигонда түгел залалсыздандырылады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу