Машинаның түсі өзгергені туралы мәлімет тіркелуі керек пе?
Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжаттарда қандай мәліметтер жазылады? Машинаның түсі көрсетіле ме? Егер оның түсін өзгертетін болсам, мәліметтерді де өзгертуім керек пе?
Ерген Бейсенбеков, Ақмола облысы
ҚР Ішкі істер министрлігінің №90 бұйрығына сәйкес, көлік құралын тіркеуге ұсынылатын құжаттарда оның берілген күні, сауда келісімшарты немесе мемлекеттік органның шешімі туралы мәлімет, тараптардың мекенжайлары мен реквизиттері, көлік құралының маркасы, моделі, модификациясы туралы мәліметтер, шыққан жылы, әлемдік көлік өндірушінің жеке коды, шассидің түсі, шасси, кузов пен двигательдің өндірістік реттік нөмірі, өндірушінің қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі, сериясы, сәйкестік сертификаты, тіркеу нөмірі және басқалар жазылады. Министрліктің осы бұйрығының 54-тармағына сәйкес, автокөліктің түсі өзгертілген жағдайда оны тіркеу мәліметтеріне де өзгеріс енгізілуі керек.