Маса мен шыбын-шіркей адам үшін қауіпті ме?

Маса мен шыбын-шіркей адам үшін қауіпті ме?

Жазда маса мен шыбын-шіркей көбейеді. Олар адам үшін қауіпті ме? Елі­­міз­де маса болмайтын аймақтар бар ма? Жалпы, масалардың қанша түрі бар?
Рахманқұл БӨРІБАЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қажығали КАРДАСИНОВ, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМҚК маманы:
– Маса мен шыбын-шіркей де жұқпалардың тасы­малдаушылары болып табылады. Адамдарға ауру жәндіктің шағуынан жұғады. Маса тұқымдастары республикамыздың Маң­ғыстау облысынан басқа, барлық аумақтарында тір­келген. Елімізде масалардың алты түрі бар. Ең кең тара­ғаны – безгек масасы Anopheles messeae, оның аре­алы Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыс­та­рынан басқа барлық жерді қамтиды. Ал Қызылорда, Оң­түстік Қазақстан облыста­рында безгек ауруын  тасы­мал­даушы – An. pulcherrimus,  An.superpictus  және Аn. mar­tinius  масалары бар. Бұл қансорғыш жәндіктер  без­гек, қырым-қанды безгегі ауруын және әртүрлі транс­мис­сивті ауру қоздырғыш­тарын тасымалдаушы бо­лып табылады. Ауру адамдарға безгек масаларының ша­ғуы арқылы жұғады. Ауру белгісі науқастың бауы­ры­ның ісінуі мен қанның қызыл түйіршіктерінің азаюы, дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Аурудың ин­кубациялық кезеңі – бір апта, кейде бір жыл. Безгек күн­де, күнара, кейде 3-4 күнде денені құрыстырып, тоң­дырып, дірілдетіп басталады да, дене қызуы 40 гра­дусқа дейін көтеріледі. Науқас сан­ды­рақтап, денесі сар­ғая­ды. Безгек белгілері байқал­ғанда жедел медицина­лық көмекке жүгіну қажет. Рес­публика бойынша әр жы­лы жоспарлы түрде масалар мен  шыбын-шіркей­лерге қарсы күрес жүргізіледі. Жүргізіліп отырған шара бары­сында безгек маса­ларының саны жыл сайын көбе­йіп отырғаны анықталу­да. Шыбын-шіркей мен ма­са­­лар жұқпаның табиғи ошақтарынан қоз­дырғыштар­ды әкеліп, індет ауру­ларының таралу қау­пін туды­ра­ды. Осыған орай, аурудың алдын алу  үшін  қан­­сор­ғыш­тарды, масалар мен шыбын-шіркей және ке­­мір­­гіш­терді жою­ға бағытталған шараларды ұйымдас­ты­рған (дезин­сек­­циялық және дератизациялық жұ­мыст­ар) жөн. Елімізде безгек маса­ларын тарататын мың­даған анофелогенді суаттар бар. Сол себепті шы­бын-шіркей мен масалардан сақ­тан­у керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста