Марс планетасы қашаннан бастап зерттеле басталған? Бұл ғаламшарға осыған дейін ғарыш аппаратын қандай елдер ұшырған?
Пернебек, Қызылорда қаласы
Бұл ғаламшар адамзатқа ерте замандардан-ақ белгілі болған. Десе де, нақты зерттеулер ХVІІ ғасырдың басында басталды. Сол кезеңде Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы арқылы Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Ал Марстың физикалық қасиеттерінің зерттелуі ХVІІ ғасырдың ортасында телескоп жасалғаннан кейін қолға алынды. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі кешенді түрде ХХ ғасырда қолға алынып, планетааралық автомат стансылар жіберіле бастады. Осы стансылардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. 1972 жылы «Марс-3» стансысы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 жылы АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген «Оппортунит» және «Спирит» марсоходтары Марсқа қонып, онда суқоймалардың болғандығын анықтады. Осы уақытқа дейін Марсқа ғарыш аппаратын АҚШ, Ресей және Еуропа елдері ұшырған еді.
Жуырда бұл тізімге Үндістан да қосылып отыр. Бұл ел Mangalyaan орбиталық аппаратын Андхра-Прадеш штатындағы Шрихарикота ғарыш айлағынан ұшырған болатын.
Марсқа ғарыш аппаратын ұшырған елдер
Последние статьи автора