Марсқа ғарыш аппаратын ұшырған елдер

Марсқа ғарыш аппаратын ұшырған елдер

Марс планетасы қашаннан бастап зерттеле басталған? Бұл ғаламшарға осыған дейін ғарыш аппаратын қандай елдер ұшырған?
Пернебек,
Қызылорда қаласы
Бұл ғаламшар адамзатқа ерте замандардан-ақ белгілі болған. Десе де, нақты зерттеулер ХVІІ ғасырдың басында басталды. Сол кезеңде Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы арқылы Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Ал Марстың физикалық қасиеттерінің зерттелуі ХVІІ ғасырдың ортасында телескоп жасалғаннан кейін қолға алынды. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі кешенді түрде ХХ ғасырда қолға алынып, планетааралық автомат стан­сылар жіберіле бастады. Осы стансылардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. 1972 жылы «Марс-3» стансысы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 жылы АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген «Оппортунит» және «Спирит» марсоходтары Марсқа қонып, онда су­қоймалардың болғандығын анықтады. Осы уақытқа дейін Марсқа ғарыш аппаратын АҚШ, Ресей және Еуропа елдері ұшырған еді.
Жуырда бұл тізімге Үндістан да қосылып отыр. Бұл ел Mangalyaan орбиталық аппаратын Андхра-Прадеш штатындағы Шрихарикота ғарыш айлағынан ұшырған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста