«Мақта азайып барады» деген рас па?
Қайсыбір елдер мақтаны «ақ алтынға» теңеп жатады. Естуімше, біздің елімізде соңғы екі жылдың ішінде осы «ақ алтын» өнімі азайып барады. Бұл қаншалықты рас?
Сәндігүл КҮМІСХАНОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлiметтерiне қарағанда, Оңтүстік Қазақстан облысында 58 822 шаруа қожалығы болса, соның 53 пайызы – мақта шаруашылығымен айналысатындар. Осыған орай, бір жерге өнiм жыл сайын егiлiп, агротехникалық шаралар сақталмаған соң, бүгінде жер құнарынан айырылып, тозып барады. Бұдан бөлек кiшi шаруашылықтар үшiн техниканы пайдалану, несие алу тиiмдiлiгi де өте төмен. Осыған байланысты былтыр облыста 18 300 агроқұрылым 533 iрi шаруашылыққа бiрiксе, биылғы меже – мақта шаруашылығымен айналысатын 19 430 шаруашылықтың басын бiрiктiру. Соңғы жылдары оңтүстiкте шығынды мол қажет ететiн мақтаның көлемi кемiп, есесiне табыстылығы жоғары мақта егу көбейiп келедi. Мәселен, былтыр мақта алқабының көлемi 37 мың гектарға азайтылса да, одан алынған өнім көлемі айтарлықтай болды. Ал биыл 135 мың гектар алқаптан мақта терiледi деген жоспар бар. Осыған қарап мақта шаруашылығы біртіндеп жолға қойыла бастағанын аңғаруға болады. Тек болашақта алған өнімді ұқсату іске ассын делік.