Биыл жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша бітіріп едім. Бірақ мамандығым бойынша орайлы жұмыс таба алмадым. Енді ойым – адвокаттық қызметпен айналысу. Бұл мақсатыма жету үшін не істеуім керек?
Нұркамал, Алматы қаласы
Адвокаттық қызметпен айналысу үшін, ең бірінші, жоғары заң білімі болуы керек. Екіншіден, адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат беретін лицензия алып, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып тіркелуіңіз қажет. Адвокаттық қызметті лицензиялауды ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және Құқықтық көмек көрсету комитеті жүзеге асырады (адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар 15.08.2011 жылдан бастап электрондық түрде беріледі). Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу тәртібі 2007 жылғы 2 маусымдағы №454 «Адвокаттық және нотариаттық түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен реттелген. Бұл лицензияны алу үшін сіз арнайы тағылымдамадан және аттестациядан өтуге тиіссіз.
Мамандығым – заңгер, адвокат болу үшін не істеуім керек?
Последние статьи автора