Майя тайпасы қай елдің құрамына енеді?

Майя тайпасы қай елдің құрамына енеді?

Бұған дейін 2012 жылы ақырзаман болады дегенді жиі естідік. Бұл Америка құрлығындағы майя тайпасының күнтізбесінен шыққан екен. Бұл тайпа қай елдің құрамына кіреді, бүгінде осы күнтізбесін пайдалана ма?
Ерден Бекмұрат,
Алматы
Майялардың жалпы саны 6 млн деген дерек бар. Негізінен, Орталық Амери­ка­да өмір сүреді. Олар өздерінің ана тілін­де сөйлейді. Бірақ көпшілігі, әсіресе жас­тар испан тіліне көшкені туралы айтылады. Ежелгі майя өркениетінің ұрпақтары әйгілі күнтізбесін өте ертеде жасаған. Колумб Американы ашқанға дейін құрастырылған екен. Майялықтар бір мемлекетте ғана емес, бірнеше елде өмір сүреді. Негізінен, Мек­сиканы мекендейтін тайпа өкілдері аталған елдің Чьяпас, Кампече, Юкатан, Кинтана-Роо және Табаско штатына қоныстанған. 600 мың майялық Белиз елінде тұрады. Сонымен қатар Гондурас пен Сальвадорда да тіршілік етеді. Бір қызығы, 12 млн халқы бар Гватемала хал­қының тек жартысы өзін майялықпын деп есептейді. Майялықтардың дені өрке­ниетті мемлекеттерде тұратындықтан, кө­не күнтізбені толықтай пайдаланды деп айту қиын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста