Көзімнің көру дәрежесі -4,5 болғандықтан, линзаны пайдаланамын. Линзаның көзге зияны жоқ па және көздің көру қабілетін төмендетпей ме?
Мамырхан, Талдықорған қаласы
Мамандардың айтуына қарағанда, жанасу линзасы көзге ешқандай да зиян келтірмейді, көздің көру қабілетін төмендетпейді. Бірақ жұмысыңыздың ерекшелігіне қарай, профилактикалық шаралар қолданған дұрыс. Егер де компьютермен ұзақ жұмыс істейтін болсаңыз, әр 40 минутта көзді демалдырғаныңыз жөн және көздің қарашығын оңға-солға, жоғары-төмен қозғап, көзге массаж жасаған, қажет болған жағдайда көзге тамызатын арнайы тамшыларды тамызған абзал. Ең бастысы – тазалық. Тазалықты сақтамаған жағдайда көзге инфекция түсуі немесе көзде аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан линзаны шешіп алған кезде арнайы контейнердегі сұйықтыққа салып отыру және уақытымен контейнердегі сұйықтықты ауыстырып отыру қажет. Жанасу линзасын көзге салар кезде қолды иіс сабынмен жуу шарт. Алайда линзаны ұзақ қолдану нәтижесінде көзіңіз қызарып немесе қышып қоймаса, дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз дұрыс.
Линза тағу көзге зиян емес пе?
Последние статьи автора