Өтеген батыр ауылында тұрамыз. Энергиямен қамтамасыз ету бөлімшесінде электр қуаты лимитін белгілеу үшін тұрғындардың саны туралы анықтама тапсыру туралы ақпаратты көрдім. Мұнысы заңды ма?
Алматы қаласы мен облысында қыркүйек айынан бастап электр энергиясы үшін дифференциалды түрде алынады. Жан басына 90кВт/сағатқа дейінгі жарыққа 9 теңге, одан асқанына 12 теңге төлейсіздер. Яғни ай сайын төленуі тиіс ақыны анықтау үшін отбасы мүшелерінің саны қажет. Қазір «АлматыЭнергоСбыт» серіктестігі пәтерде немесе үйде тұрып жатқан азаматтар саны туралы ақпарат жинастырып жатыр. Бұған Азаматтарды тіркеу кітабы немесе Пәтер иелері кооперативінің мөрі басылған анықтама негіз бола алады. Сондықтан өз үйіңіз тұрғындары туралы ақпаратты аудандық бөлімшеге тапсырғаныңыз жөн.