Лезгин биі қайдан шыққан?

Тойлардың сәніне айналған лезгин биі Кавказ халықтарына тән екенін білеміз. Осы бидің шығу тарихы турлы жазсаңыздар...
Айгүл БЕКОВА,
Алматы қаласы
Сіздің сұрағыңызға «Вайнах» шешен-ингуш мәде­ни орталығының төрағасы Ваха Сурхаевтың мәлі­меттеріне сүйене отырып жауап берейік. Шешендер, ингуштар, осетиндер мен қарашай-балқарлар, грузиндер және армяндардың ата-бабасынан бері келе жатқан бұл биді бүкіл әлем жақсы біледі. Оның әуені де, қимылы да ерекше. Ерте кездері Кавказ жері арқылы Еуропа мен шығыс елдерінің арасын байланыстыратын сауда байланысы жүрген. Бұл аймаққа келген еуропалық саудагерлер, саяхатшылар жергілікті халықтың биін көріп қайран қалса керек. Ол кезде олар өздерін лезгиндер деп атаған. Қолдары сәл босай қалса әнін айтып, биін билейтін тау халқында ұлттық өнер аз емес. Дегенмен көбінесе жастар жиналып, жылдам әрі тез қимылды талап ететін биден өзара жарысқан. Қыздар жағы бәсең, сыпайы қимылымен көрген көзді баурайтын болған. Лезгин тау халықтарының салт-дәстүрінде ерекше орын алатын бүркіттің қимылдарынан бастау алған. Жігіт­тің аяғының ұшымен жүріп, екі қолын жая қимыл­дауы ұшуға дайындалып отырған маңғаз құстың кейпін танытады. Мысалы, грузиндер биді «картули» деп атайды. Яғни «кард» лезгиндердің тілінен аудар­ғанда «құс» деген мағынаны білдіреді екен. Кавказ ұлт­тары үшін бүркіт – киелі құс. Бидің өзінен-ақ ұлттық намыс, тәкап­парлық сезіліп тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста