Мен күзетші болып жұмыс істеймін. Бізге мереке күндеріне қосымша ақы төлемейді. Жыл соңында сыйақы да бермейді. Есеп бөліміндегілер «ауысыммен істейтін күзетшілерге мереке күндеріне қосымша ақы төленбейді» дейді. Осы заңды ма?
Мейірғали ОРЫНҒАЛИЕВ, Атырау облысы
ҚР Еңбек кодексінің 128-бабына сәйкес, мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi делінген. Сондықтан Кодекспен белгіленген осы кепілдіктердің орындалмауы заңға қайшы. Бұл орайда, еңбек құқықтары бұзылып отырған мекеме жұмыскерлері өңірдегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жазбаша шағымдануы қажет.
Сыйақыландыруға келер болсақ, «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысына сәйкес, ұйымдардың басшыларына:
1) мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде көрсетiлген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестiру;
2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттiк мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiк басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойынша салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiледі. Яғни мемлекеттік мекеме қызметкерлерін сыйақыландыру негіздері мен жағдайларын олардың басшылары дербес шешеді.
Күзетшіге мереке күндері үшін үстемақы төленуі тиіс пе?
Последние статьи автора