Күлмейтін адам бола ма?
Менің сұрайын дегенім, өмірде мүлдем күлмейтін адам бола ма екен? Адамның күліп, күлмеуі неге байланысты?
Бақыт НҰРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ, Кереку
Бет алды күлмейтін, үнемі салмақты ұстайтын, «бос күлкі – ақымақтық белгісі» деп білетін адамдар да бар. Бұған Маркес Габриэльдің «Күлмейтін адам» («Человек, который не смеется») деген шығармасы дәлел. Т.И.Иванова өзінің «Әзіл психологиясы деген зерттеу еңбегінде: «Күліп тұрған адамның күлкісі – оның жанының «айнасы» дей келе, адамның қандай жағдайда, неге күлетініне қарап, оның ішкі жан дүниесін, денсаулығын, интеллектуалдық, моральдық қасиеттері мен бүгінгі-ертеңгі күнге сенімділігін анықтауға болатындығын айтады.
Ғалымдардың айтуынша, дені сау, танымал әрі бай адамдар өмірде жолы болмайтын адамдарға қарағанда көп күледі. Ал адам ауру, кедей әрі бір нәрсеге тәуелді болған жағдайда, ешқандай күлуге, қуануға себебі болмағандықтан, күлуге мұршасы жоқ. Яғни жарқын болашағынан күтері де жоқ. Тек ағзаның қорғаныс қасиеті қызмет етіп тұрғанда, адам қайғылы, жылайтындай жағдайда да күлетін нәрсе таба алады.